Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы – еліміздегі демократиялық жаңғырудың маңызды кезеңі

0
16

Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы – еліміздегі демократиялық жаңғырудың маңызды кезеңі. Жаңа Конституция аясында жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар азаматтардың мемлекет ісіне белсенді қатысуына кең мүмкіндік беріп, қоғамдық пікірдің ескерілуіне негіз қалайды. Бұл – елдің тұрақты дамуы мен әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Кітапхана – тек кітап сақталатын орын ғана емес, ол – білім мен парасаттың, азаматтық сана мен ұлттық құндылықтардың ордасы. Сондықтан әрбір саналы азамат қоғамдағы өзгерістерге бейжай қарамай, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқандарға белсенді қатысуы қажет. Сайлау – өз көзқарасыңды білдірудің, мемлекет дамуына үлес қосудың өркениетті жолы.

Құрылтайдың құрылуы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырумен қатар, халықтың үніне құлақ асатын ашық әрі жауапты мемлекеттік институттарды қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл бастама қоғамдық келісімді нығайтып, заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаттарын орнықтыруға қызмет етеді.

Әрбір дауыс – елдің ертеңіне деген сенімнің көрінісі. Сондықтан барша тұрғындар Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына белсенді қатысып, елдің жарқын болашағы үшін өз таңдауларын жасауда белсенді болуы қажет деп есептеймін.

Темір қалалық кітапханасының кітапханашысы

Қожеденова Дариға Ерболқызы