ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ
ТАЯУДА БАС МЕРДІГЕР «ТЕХНО С» ЖШС, АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЙҒАНИН КӨШЕСІНІҢ БОЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН БЕС ҚАБАТТЫ ЕКІ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАСЫНДАҒЫ ЖОБА ҚҰНЫ 86 855 МЫҢ ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН АЯҚТАДЫ. АТАЛҒАН ЖОБА БОЙЫНША, ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАҢДАРЫНА ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР МЕН КӨЛІК ЖОЛЫ, БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ, КӨЛІКТҰРАҚ, ҚОҚЫС ТАСТАЙТЫН ОРЫН САЛЫНДЫ.
Осыған байланысты аталған қос тұрғын үйдің ауласындағы абаттандыру жұмыстарын қараған аудан әкімі С. Аманбаев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінәң бас маманы Ә. Сапаға, аталған нысандағы балалар және спорт алаңдарында орнатылған жабдықтарды ұқыпты пайдалану жөнінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.