«Замана перзенті – Өтебай Қанахин»

0
339

«Өтекең былайша игі жұмсақ, қарапайым көрінгенмен, принципті қатты ұстайтын. Баукеңдей демесек те, офицерлігі байқалмай тұрмайтын. Сөйлеу мәнері, жинақылық, жүріс-тұрыс-бәрі» дейді өзінің естелігінде

                                                                                                                                     З.Асабаев

Темір аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен №3 Шұбарқұдық ЖББОМ-тің 7 сынып оқушыларына әдеби кеш өткізілді. Шара барысында  облыстық  «Оқитын өлке» акциясының 2023 жылы таңдалынып алынған жазушы Өтебай Қанахиннің өмірі мен шығармашылығы насихатталды. Мақсаты: өлкемізден шыққан жазушының шығармашылығын оқырмандарға жеткізу, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Шара барысында жазушы,публицист, Өтебай Қанахиннің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнежазбалар мен слайдтар көрсетілді. Өтебай Қанахин 1923 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауылында  дүниеге келген.Жұмысшы табының өкілі, ауылды жерде ұста отбасында өмірге келген, тағдыр тәлкегіне ұшырап, сонау ашаршылық  жылдарда бір әулеттен жалғыз қалып,  1923-1937 жылдары балалар үйінде ер жетеді. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Әдебиетке елуінші жылдары келді. Қызыл Жұлдыз орденімен  және бірнеше медальдармен марапатталған. Кеште жазушы Өтебай Қанахиннің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнежазбалар мен слайдтар көрсетілді. Кеш соңында кітапханашы Тлеубергенова Алмагүл «Сырлы сезім суреткері» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасалды. Жазушының шығармаларына жеке тоқталып, таныстырылды. Алғашқы әңгімесі «Екі кездесу» 1947 жылы жарық көрді. «Ауыр күндер», «Мұрагер», «Көл жағасында», «Тұңғыш махаббат», «Жас дәурен», «Жер басып жүрсем», «Дәмелі», «Жүрек қалауы», «Бақыт бәйшешегі», «Құдірет», «Қарт сарбаз хикаясы», «Ата қоныс» тағы басқа да кітаптардың авторы. М.А.Шолохов, А.М. Кожевников повестерін аударды, жазушының өзінің бірқатар шығармалары орыс, украин, белорус, өзбек, армян, тәжік, татар, башқұрт, қырғыз және неміс тілдеріне аударылған. Көп жылдар бойы оқырманын сусындатып келе жатқан қаламгер Өтебай Қанахиннің шығармаларын жыл бойы оқуға шақырамыз.

 

 

 

                                                                                                   Әйгерім Ғаббас

                 Темір аудандық орталықтандырылған

  кітапхана жүйесінің кітапханашысы