“Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу”

0
71

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Кеңқияқ орта мектебі, Шұбарши орта мектебі, Шұбарши мектеп  бөбекжай- балабақшасы, Саркөл орта мектептерінің 9-11 сыныптарының арасында  ер балалар мен ата- аналары арасында “Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу” тақырыбында профилактикалық кеңес өткізілді. Кеңесте Темір аудандық білім бөлімі басшысы А. Усербаев, Темір аудандық полиция бөлім басшысының бірінші орынбасары Ж. Имашев, аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор Ғ. Қарасаева, аудандық білім бөлімінің бас маманы С. Шабикова, N4 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Токкожина кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмысты болдырмауы жөнінде баяндамалар оқып, жадынамалар таратты. Сонымен қатар, кеңесте жасөспірімдер арасында кездесетін құқықбұзушылықтар туралы рөлдік ойындар ойнатылып, ситуациялық сұрақтар қойылды. Өз кезегінде ата- аналар да кері байланыс беріп, құқықбұзушылықты болдырмау туралы пікірлерін білдірді.

                                                                                                      Темір аудандық білім бөлімі.