АҚТӨБЕЛІК ҚАЗЫБЕК ҚАЛМАҒАМБЕТОВ — U20 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!
Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында ақтөбелік балуан Қазыбек Қалмағамбетов 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды👏
Бұл — Ақтөбе спорты үшін тарихи жетістік!
Қазыбек жарыс барысында қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, финалға дейін сүрінбей жетті. Шешуші белдесуде Беларусь өкілі Михаил Маркоускимен кездесіп, 13:7 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.
Қазыбектің әлем чемпионатындағы жолы:
🇩🇪 Іріктеу — Себастьян Вагнер (Германия) — жеңіс
🇺🇸 1/8 финал — Амрин Наттер (АҚШ) — 1:1, қосымша көрсеткіш бойынша жеңіс
🇪🇬 Ширек финал — Мохамед Абдельрахим (Мысыр) — 4:1
🇭🇺 Жартылай финал — Петро Житовоз (Мажарстан) — 7:5
🇧🇾 Финал — Михаил Маркоуски (Беларусь) — 13:7
Спортшымызды және оның бапкерлерін тарихи жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!
🇰🇿 Айта кетейік, Қазыбек Қалмағамбетов — Ақтөбе облысы тарихында грек-рим күресінен U20 жас санатында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы.

