Өңір басшысы Асхат Шахаров онлайн қабылдау өткізді

0
6

🔹 Облыс әкіміне онлайн қабылдау барысында 10 өтініш келіп түскен.

📌 Ақтөбеліктер аймақ басшысына жол, тұрғын үй, коммуналдық инфрақұрылым және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша жүгінді.

🛣️ Атап айтқанда, қала тұрғыны Қызылжар-3 тұрғын алабындағы Батырлар көшесінің жол жағдайын көтерді. Алға ауданының тұрғыны Болгарка мен Шұбарқұдық бағытындағы жолды жөндеу мәселесі бойынша өтініш білдірген.

🏠 Таңшолпан тұрғын алабының тұрғындары электр, газ және сумен қамту мәселелерін көтерсе, бірқатар өтініш тұрғын үй жағдайын жақсарту және баспана кезегін ілгерілетуге қатысты болды.

🔵 Онлайн қабылдау барысында жетім баланың оқу ақысын төлеуге көмек көрсету, жұмысқа қайта орналасуға және денсаулық жағдайына байланысты жеңіл жұмысқа ауысуға жәрдемдесу жөнінде де өтініштер айтылды.

📌 Облыс әкімі барлық өтініш қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралатынын атап өтті.