Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзінен

0
6
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзінен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзінен:

«Біз біртіндеп барлық салада ауқымды реформалар мен нақты өзгерістерді жүзеге асырып жатырмыз. Оның бәрі халықтың тілегі мен заманның талабына сай жасалуда. Бұл жердегі түпкі мақсат – барлығын өзгерту емес. Ең бастысы – атқарылып жатқан шаруаны оңтайландырып, оның тиімділігін арттыру.

Алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі – жекелеген бағыттар бойынша мемлекеттік аппараттың жұмысын жүйелеп, ретке келтіру.

Өздеріңізге мәлім, елімізде түрлі салаға қатысты бағдарламалар мен кешенді жоспарлар бар. Биыл осындай бірқатар құжаттың мерзімі аяқталады. Әрине, оның кейбірі жалғасады, кейбірі мүлдем тоқтатылады. Үкімет мұқият ойластырып, нақты шешім қабылдауы керек»