ҚҰМСАЙЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ

0
58

2 СӘУІР,СЕЙСЕНБІ КҮНІ, АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ САРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЖҰМЫС САПАРЫ КЕЗІНДЕ КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРІН СУ БАСҚАН ҚҰМСАЙ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.
Аудан әкімімен бірге аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов, аудан әкімі орынбасары Қ.Нұралы, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы, жер қатынастары, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, ветеринарлық станса мен ветеринарлық инспекция басшылары барды.
Саркөл ауылдық округінің әкімі М.Шүйіншалин кездесудің мақсатын айтып, өткен жағдайға шолу жасады.
Кездесу барысында аудан әкімі арнайы құрылған комиссия су басқан тұрғын үйлерге тиісті түгендеу, аралау жұмыстарын жүргізетіндігін және комиссия шешімі мен Заңнамаға сәйкес барлық шығындар өтеліп, тиісті көмек көрсетілетіндігі жөнінде хабардар етті.
Сонымен қатар, аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған өтініштерді тыңдап, қойылған сауалдарға тиісті жауаптарын берді.
Кездесу соңында аудан әкімі М.Шүйіншалинге тұрғындар тарапынан келіп түскен өтініштерді уақында тіркеп, комиссияға ұсынуды тапсырды.
Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Қойшыбаев, Р.Құдайбергенов, Қ.Нұралыға жүктелді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ