ТАСҚЫННАН КЕЙІНГІ АХУАЛ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
47

БІРІНШІ СӘУІР КҮНІ АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, ӨҢІРДЕ ОРЫН АЛҒАН СУ ТАСҚЫНЫ БОЙЫНША АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ. МӘЖІЛІСКЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Ж. ҚОЙШЫБАЕВ, Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қ. НҰРАЛЫ ЖӘНЕ БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАЛА, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ҚАТЫСТЫ. АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТІҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕ “ТЕМІР АУДАНЫ БОЙЫНША ЖЕРГІЛІКТІ АУҚЫМДАҒЫ ТАБИҒИ СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ” АУДАН ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ Ә. ЖҰМАГЕРЕЙДІҢ ЖӘНЕ “СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАР ТУРАЛЫ” АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ С. ҚАЛМЕНОВТЫҢ БАЯНДАМАЛАРЫ ТЫНДАЛДЫ.
Мәжілісті қортындылай келе, аудан әкімі барлық ауылдық округ әкімдеріне су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың тізімін жасақтап, арнайы комиссияға ұсынуды, аудан әкімінің орынбасарлары Ж. Қойшыбаев, Р. Құдайбергенов, Қ. Нұралыға комиссия жұмысын ұсыныс түскен мезетте жедел ұйымдастыруды,аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н. Адаевқа зардап шеккендерге көрсетілетін көмекті ескере отырып, аудандық бюджетті қайта қарастыруды, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытовқа аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе отырып, Мұқантау аумағынан келетін су арнасын бұру жөнінде жаңа жоба ұсынуды, ауданның бас инспекторы Ә. Жұмагерейге округ әкімдерімен бірлесе отырып, су тасқынының алдын алу мақсатында өзендер аумағындағы бөгеттер мен шлюздердің жай-күйін қайта қарастыруды тапсырды және тапсырмалардың орындалуын бақылау — аудан әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасары Р. Құдайбергеновке жүктелді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.