ЕГІЗ ЖАТҚАН ЕКІ АУЫЛ

0
47

БИЫЛҒЫ КӨКТЕМ САРКӨЛДІКТЕРГЕ ОҢАЙ ТИГЕН ЖОҚ.СУ ТАСҚЫНЫ ҮЙЛЕР МЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚОР-ЖӘЙЛАРЫНА ЛАП ҚОЙДЫ. КӨМЕККЕ АҚТӨБЕ ОБЫЛЫСЫ ОРТАЛЫҒЫНАН № 30238-ші ӘСКЕРИ БӨЛІМШЕСІНІҢ ЖЕДЕЛ ТОБЫ, АУДАН ОРТАЛЫҒЫНАН ЕРІКТІЛЕР МЕН ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАР, ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР УАҚЫТПЕН САНАСПАЙ ҚИМЫЛДАДЫ. ҚАЖЕТТІ ТЕХНИКАЛАР ДА БАР МҮМКІНДІГІНШЕ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ. ШҰБАРШИ АУЛЫНДАҒЫ «МАЛИКА» ДҮКЕНІНІҢ АЛДЫНДА ҚОСЫМША КЕЗЕКШІ ТАСЫМАЛДАУШЫ КӨЛІК ТҰРҒЫНДАРДЫ ЭВАКУАЦИЯЛАУ КЕЗІНДЕ ТҰРАҚТЫ ҚЫЗМЕТ ЖАСАДЫ.
Қиын жағдайға тап болған Саркөл аулы тұрғындарын эвакуациялау кезінде ежелден құдайы көрші болып отырған Кеңқияқ аулының тұрғындары да көмек қолын созды. Жанашырлық көңіл күйде жасалған көмек, жапа шеккен тұрғындардың қиындыққа сабырлылықпен, түсіністікпен қарауына ықпалын тигізді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.