ӘСКЕРГЕ ШЫҒАРЫП САЛУ

0
47

30 НАУРЫЗ КҮНІ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІНІҢ ҒИМАРАТЫНДА, Н. БАЙҒАНИН АТЫНДАҒЫ ТЕМІР АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН, КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУШЫЛАРДЫ ӘСКЕРГЕ ШЫҒАРЫП САЛУ САЛТАНАТТЫ ШАРАСЫ ӨТТІ. ШАРАҒА АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПОЛКОВНИК САҚЫП МЕЙРАМБЕК ЕСЕТҰЛЫ, ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖҰМЫС БӨЛІМІ БАСТЫҒЫ, ПОЛКОВНИК ҚОЗБАҒАРОВ ӘДІЛ ҚУАНЫШҰЛЫ, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ № 18404-ШІ ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ӨКІЛІ, ПОЛКОВНИК ТАЖДИНОВ АБЗАЛ ҚУАНЫШҰЛЫ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ТАБЫЛДИН ЖӘНІБЕК НАРЕНҰЛЫ ҚАТЫСЫП, САРБАЗДАРҒА ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН АБЫРОЙМЕН ӨТЕП КЕЛУІНЕ ТІЛЕКТЕСТІК БІЛДІРДІ.
Кеш барысы Темір аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Қалдығожин Бағлан Мәлікұлының баянатымен басталды. Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі Құттығия Азат ҚР әнұранын Талғат Бегельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтының оркесрімен бірге шырқады. Аудандық мәдениет үйінің әншісі А. Қуатов «Әскерден хат» әнін орындады. Салтанатты шара соңында Темір ауданы әкімдігінің атынан жас сарбаздарға естелік сыйлықтар табысталды.
Назерке ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
аудандық мәдениет үйінің көпшілік шара ұйымдастырушысы.