СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН НЫСАНДАР ТҮГЕНДЕЛДІ

0
18

Өңірімізде көктемгі су тасқыны кезінде Шұбарқұдық кенті, Алтықарасу ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылы және Саркөл ауылдық округіне қарасты Құмсай ауылы, Кеңестуы ауылдық округіне қарасты Шитүбек елдімекендерінде тұрғын үй-жайларды су басу фактісі орын алды. Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, округ және аудан әкімдігі өкілдері енгізілген комиссия Еңбекші ауылындағы зардап шеккен 9 тұрғын үйді аралап қарап, түгендеу жүргізді.
Барлық су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Заңнамаға сәйкес комиссия шешімі негізінде көмек көрсетілетін болады. Осы мақсатты жүзеге асыру бойынша аудан әкімдігі жанынан арнайы комиссия құрылды. Қазіргі таңда аталған комиссия табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен нысандарды түгендеу, қарау жұмыстарын жүргізуде.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.