РУХАНИ- ТАНЫМДЫҚ КЕШ
ТЕМІР АУДАНДЫҚ ДІН ІСТЕРІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН, АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАДА «ТОЙ — ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ КӨРІНІСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ. ШАРАҒА АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Б. САЛИМАНОВ, АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ БАСШЫСЫ Ж. ЖАРЫЛҒАСЫН, МУЗЫКАНТТАР МЕН БЕЛГІЛІ АСАБАЛАР, КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІН ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ.
Кештің мақсаты — тойдағы асабалардың ұлттық нақыштағы ойын-әзілдерді, рухани-танымдық және салт-дәстүрге негізделген өзіндік нышанын қалыптастыру мен садақа және ас берудегі ысырапшылдықтың алдын алу, өмірлік мәні бар мағлұматтар беру регламентін қарастыру болатын. Шараға қатысушылар кештің тақырыбы аясында өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Үш бөлімнен тұратын шараның соңында қатысушыларға психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.