КӨЛІКТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

0
73

КӨЛІКТІҢ КЕЗ-КЕЛГЕН ТҮРІНДЕ ӨРТ КҮТПЕГЕН  ЖЕРДЕН ТУЫНДАУЫ ЖӘНЕ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙЛАРҒА
ӘКЕЛУІ МҮМКІН. ӨРТТІҢ ЖИІ СЕБЕПТЕРІ ҚАНДАЙ? КӨЛІК ҚҰРАЛЫН МІНДЕТТІ ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ
ПРОЦЕСІНДЕ АВТОМОБИЛЬДІҢ ЖАЙ-КҮЙІ БАҚЫЛАНАДЫ, БІРАҚ ЭЛЕКТР ЖАБДЫҒЫ МЕН ОТЫН ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАЙДЫ.  2020 ЖЫЛЫ АУДАН АУМАҒЫНДА КӨЛІКТЕГІ 3 ӨРТ ТІРКЕЛДІ.

ӨРТТІҢ СЕБЕБІ НЕДЕН?
Өрттердің негізгі себептері — электр сымдарының,  қозғалтқыштың электр  агрегаттарының қысқа  тұйықталуы, отты абайсыз қолдану (қозғалтқышты дәнекерлеу лампасымен жылыту, темекі шегу, қозғалтқыш бөлігін кілемшемен жылыту және т. б.), отын құбырының үзілуі немесе ақаулығы болып табылады. Пайдаланылған  газдармен улану жағдайлары да жиі кездеседі. Көбінесе бұл автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын
сақтамаудан болады.

НЕНІ ЕСТЕ САҚТАУ
ҚАЖЕТ?
— Әрбір көлік құралы 2  литрден кем емес көлемде жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс. — Қозғалтқышты және автомобильдің басқа да агрегаттарын ашық отпен, қолдан жасалған жылыту құралдарымен, соның ішінде ашық жылыту элементтерімен жылытуға тыйым салынады. — Электр сақтағыштардың жарамдылығын, электр сымдарының бүтіндігін үнемі тексеру қажет. Барлық сақтандырғыштар стандарттарға және номиналды токқа сәйкес болуы тиіс. Электр сымында жалаңаш орын болмауы тиіс, ал оның жалғанатын орны ұшқын пайда болу және қыздыру мүмкіндігін
болдырмауы керек. — Отын беру жүйесінің бүтіндігін тексеру (отынның ағуы немесе газдың шығуы бар ма?). Ағулар анықталған кезде шұғыл түрде оларды жою шараларын қабылдау. — автокөлік құралына жөндеу жүргізу кезінде темекі шегуге және ашық отты (сіріңке, алау, тұтандырғыш) пайдалануға жол бермеу). — шығарылған түтіктері мен сөндіргіштері алынған немесе ақаулы көлік құралын пайдалануға жол берілмейді. — тез тұтанатын элементтер (қағаз, сүрткіш шүберек, жанар-жағармай материалдары және т.б.) түспеуі үшін шығару коллекторын қадағалау қажет.

Көліктің қозғалысы кезінде өрт шықса… — көлік құралын дереу тоқтату және қозғалтқышты сөндіру керек; — өртке қарсы қызметті — 101 немесе 112 нөмірі бойынша шақыру; — клемманы аккумулятордан алып тастау  (газдандырылға жағдайда – магистральдық және баллонды вентильдерді жабу); — жолаушыларды эвакуациялауға шаралар қабылдау және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен  сөндіруге кірісу қажет.

Темір ауданының төтенше
жағдайлар бөлімі