БОЛАШАҚ» дүкені ашылды
АУДАНЫМЫЗДА КҮН ӨТКЕН САЙЫН, ЗАМАН ТАЛАБЫН ТҮСІНІП, КӘСІППЕН АЙНАЛЫСАТЫН, ӘСІРЕСЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ. СОЛАРДЫҢ БІРІ, 1 СӘУІР КҮНІ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ Н. БАЙҒАНИН КӨШЕСІ БОЙЫНАН ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ІШІНДЕГІ ТҮСҚАҒАЗ САТАТЫН «БОЛАШАҚ» ДЕП АТАЛАТЫН ДҮКЕН АШҚАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ӘЛІБЕК ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗ ҚОНЫСОВТАР ОТБАСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
— Бұл идеяны бізге еурожөндеу жұмыстарымен шұғылданатын ағам ұсынған болатын. Ұсыныс бізге ұнады. Сондықтан банктен несие алып, дереу іске кірісіп кеттік. Жалға алатын ғимарат та табыла кетті. Осылайша ісіміз сәтті басталды. Әзірге өзіммен үш кісіні жұмыспен қамтып отырмын. Тауарды Ақтөбе қаласынан әкелеміз. Мұнда түсқағаздың неше түрінен бастап, жұмсақ мрамор, жалюз, төбеге қойылатын багет, желім, щеткаларға дейін сатылады. Жұмысты енді бастап жатырмыз. Болашақта кәсібімді кеңейте түсу де жоспарымда бар, — дейді бізбен әңгімесінде Әлібек Қонысов.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.