Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды

0
3

Президент бүгін басталған экологиялық саммиттің пленарлық отырысында тараптарды Каспий теңізін сақтау жолында күш біріктіруге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды

Фото: Ақорда

«Еліміз Каспий теңізінің тағдырына да алаңдайды. Теңіз айдынын қорғау – аймақта экологиялық тепе-теңдік пен биоалуантүрлілікті сақтау, орнықты дамуды қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызды», деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы аймақтық цифрлық экожүйе құру бастамасын қолдады

Осы орайда Қазақстан Каспий теңізінің тартылуына жол бермеу үшін мемлекетаралық бағдарлама қабылдау жөнінде бастама көтерді. Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құруға ұйытқы болды. Аталған мекеме өңірлік деңгейдегі ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

«Барша мүдделі халықаралық тараптарды табиғаттың осынау асыл қазынасын сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырамыз. Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды. Оған қатаң тыйым салынуға тиіс», деді Президент.

Президент: Жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ сипатта өрбуге тиіс