Шавкат Мирзиёев: Түркістан – түркі әлемінің тарихи және рухани орталығы

0
39

 

АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстан президенті Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістанда өтіп жатқан бейресми саммитінде аталған қаланың айрықша символдық мән-маңызына тоқталды.

– Түркістан – Ұлы Жібек жолының маңызды сауда және мәдени орталығы. Оның даңқты тарихы біздің ұлы бабаларымыздың есімімен тығыз байланысты. Бұл қасиетті қала – халықтарымыздың бірлігі мен ынтымақтастығының жарқын символы, — деді ол.

 

Сонымен бірге, Өзбекстан президенті түлеген Түркістанның бүгінгі көрінісіне ризашылығын білдірді.

 

– Қазақстан билігінің өте ауқымды жұмысының арқасында Түркістанның архитектуралық бейнесі түбегейлі жаңғырып жатыр. Мұндай өзгеріс бұл қаланы бауырлас ұлттарымызды байланыстыратын рухани орталыққа айналдырады, — деді ол.

 

Айта кетейік, бұған дейін Ильхам Әлиевтің ТМҰ-ның әлемдік саясаттағы рөлі күшейіп келе жатқаны жөніндегі мәлімдемесін жариялағанбыз.

 

Ақорда

Саммит

Түркі елдері

Түркі әлемі

Түркістан

Шавкат Мирзиёев

 

Алпамыс Файзолла

Авторлар