Құрметті аудан тұрғындары!

2026 жылғы 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнінен бастап «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
👨👩👧👦 «Мерейлі отбасы» конкурсы – адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы институтын нығайтуға, жанұядағы сыйластық пен татулықты дәріптеуге, сондай-ақ отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған ұлттық жоба.
Конкурс екі кезең бойынша өткізіледі:
🔹 І кезең – аудандық (қалалық);
🔹 ІІ кезең – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана).
📌 Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер мен қажетті құжаттар, сондай-ақ отбасы туралы ақпарат пен жетістіктерін қамтитын портфолио 2026 жылғы 15 маусымға дейін аудандық комиссияға тапсырылуы қажет.
📍 Құжаттар тізімі мен қосымша ақпаратты аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінен алуға болады.
📞 Байланыс телефоны: 8 771 692 43 34




