Көрме ұйымдастырылды

0
33

Ұлттық мәдениетіміз бен руханиятымыздың белгісіне айналған Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай Темір аудандық музейінде «Ұлы дала сарыны» атты ұлттық музыкалық аспаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге музей қорында сақтаулы тұрған халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен музыкалық мұрасынан сыр шертетін сирек кездесетін көне және заманауи музыкалық аспаптар қойылды.

Олардың қатарында: «Домбыра», «Бас домбыра», «Прима домбыра», «Жетіген», «Сазсырнай», «Қыл қобыз», «Дауылпаз», «Шыңдауыл» сияқты ұрмалы, ішекті-шертпелі музыкалық аспаптар және ауданымыздың мақтаныштары Ершат Қайболдиннің музей қорына тапсырған домбырасы мен белгілі сазгер, ұлттық музыкалық аспаптарды жасаудың шебері Сейіт Айжарық ағамыздың қолынан шыққан жырау Нұрпейіс Байғаниннің құрметіне орай жасалған домбырасы бар.

Музейге келуші ауыл ардагерлері мен тұрғындар мереке қарсаңында өткен көрмені ерекше ықыласпен тамашалап, әр аспаптың дыбыс беру ерекшелігі, шығу тарихы, құрлысы мен қолданылуы туралы кең мағлұматтар алды. Сондай-ақ, көрмеде ауыл ақсақалдары киелі домбырамен әуелете ән шырқап, мерекенің көркін қыздырды.

 

 

Темір аудандық музейі