«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес аудандық «Темір» газетінде тіркелген саяси партияларға баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
- Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын орналастыру қара-ақ түсті орындауда
1 шаршы см құны — 400 теңге ҚҚС қоса алғанда.
- Үгіттік материалдарын орналастыру түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см құны 400 теңге ҚҚС қоса алғанда
- Үгіттік материалдарын газеттер сайттарында орналастыру құны – жалпы сомадан 50%.
Аудандық «Темір» газетінің таралымы -2000 дана.
Газеттің шығу жиілігі аптасына 1 рет:
Бейсенбі күні — D2, А2 форматта;
- Тіркелген саяси партияларға ұсынылатын мәтіндік, фото және т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына саяси партияның сенімхаты бар тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымында жарияланымнан алынып тасталады.
- Үгіттік материалдарын газет беттерінде орналастыру «Темір газеті» ЖШС-ның қалауы бойынша жүзеге асырылады.
- Үгіттік материалдарын газеттерде жариялау үшін күтілетін жарияланым күніне дейін
3 (үш күн) күнтізбелік күннен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
- Мақалалар WORD форматында, фотосуреттер jpeg форматында қабылданады.
- Жасалған шарт бойынша «Темір» газетінде орналастырылған үгіттік материалдары үшін ақы төлеу ұсынылған шоттың негізінде, берілген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
- Үгіттік материалдарды газетке орналастыру үшін қабылдау 2026 жылғы 23 шілдеден бастап 2026 жылғы 18 тамызы күнгі сағат 12.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Р.S. Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Мекен-жайымыз: Темір ауданы, Байғанин көшесі 11.
«Темір газеті» ЖШС-і




