23 тамызда еліміздің саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі – жаңа Конституцияға сәйкес Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтеді.

0
25

 

Сайлау – тек дауыс беретін күн ғана емес. Бұл – елдің алдағы даму бағытын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық таңдау. Себебі Құрылтай заң шығару ісіне қатысып, мемлекет үшін маңызды мәселелерді талқылайтын жоғары өкілді орган ретінде жұмыс атқарады.

Бір палаталы өкілді органға көшу – заң шығару жүйесін жетілдіруге және мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісін тиімді етуге бағытталған маңызды қадам.

Әрбір азаматтың таңдауы ел болашағына әсер етеді. Сондықтан сайлауға қатысу – өз азаматтық құқығыңды пайдалану ғана емес, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігіңді таныту.

Елдің ертеңі – әрқайсымыздың белсенді азаматтық ұстанымымызға байланысты.

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан Этнодизайнерлер одағының мүшесі Джакибаева Гүлшара Жолекешқызы