Оңай ақша – ауыр жауапкершілік!

Қазақстан Республикасында 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап дропперлік үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.
Қылмыстық кодексі 232-1-бабына сәйкес, өзінің банктік шотын, төлем картасын немесе оларға қолжетімділікті сыйақы үшін үшінші тұлғаларға беру, сондай-ақ заңсыз ақша аударымдарын жүзеге асыру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады.
Бұл үшін айыппұлдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.
Егер сіз өзіңіздің банктік картаңызды немесе шотыңызды бөтен адамға беріп қойған болсаңыз:
— дереу банкке хабарласып, картаңызды бұғаттаңыз;
— онлайн-банкингтің құпиясөздерін өзгертіңіз;
— құқық қорғау органдарына өз еркіңізбен хабарлаңыз.
Қылмыстық кодексінің 232-1-бабына ескертпеге сәйкес, құқыққа қайшы схемаға тартылған адам бұл туралы өз еркімен уәкілетті органдарға хабарлап, қылмысты ашуға белсенді түрде жәрдемдессе, өзге қылмыс құрамы болмаған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Есте сақтаңыз! «Жеңіл ақша» ұсынғандардың құрбаны болмаңыз. Банк картасы мен шотыңызды ешкімге бермеңіз. Бір сәттік пайда бірнеше жылдық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Темір ауданының прокуратурасы



