23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси дамуындағы тарихи маңызы бар кезең

0
20

 Жаңа Конституция аясында ұйымдастырылатын бұл саяси науқан азаматтардың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, халықтың еркін білдіретін жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына жол ашады.

Құрылтайдың құрылуы – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды реформалардың заңды жалғасы. Бір палаталы өкілді орган заң шығару қызметінің тиімділігін арттырып, қоғам сұранысына сай шешімдердің жедел қабылдануына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік институттардың ашықтығын күшейтіп, халық пен билік арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Әрбір азаматтың дауысы – елдің болашақ даму бағытын айқындайтын маңызды таңдау. Сондықтан сайлауға қатысу – тек конституциялық құқықты жүзеге асыру ғана емес, мемлекетіміздің өркендеуіне қосылатын нақты үлес. Белсенді азаматтық ұстаным таныту арқылы әрбір қазақстандық елдің тұрақтылығы мен дамуына өз жауапкершілігін көрсетеді.

Еліміздің келешегі – саналы таңдау жасап, қоғамдық үдерістерге белсенді араласатын азаматтардың қолында. Сондықтан Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына қатысу – ортақ мақсатқа жұмылудың, ел болашағына деген сенім мен жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Салиманов Бабатай Қоңырұлы