ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІ

0
12

Аудан әкімі А. Жақсылықов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелерге қатысты тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды.

Әрбір өтініш бойынша аудан әкімі жан-жақты түсіндірме беріп, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелерге байланысты жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, олардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Аудан әкімі халықтың өзекті мәселелерін дер кезінде қарап, заң талаптарына сәйкес шешу және тұрғындармен ашық, нәтижелі диалог орнату – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ көтерілген барлық мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетінін жеткізді.

Тұрғындарды жеке қабылдау – халықпен тиімді кері байланысты нығайтып, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел әрі сапалы жауап берудің маңызды тетігі.