Ведомствоаралық кеңес өтті

Бас Прокурордың 2025–2030 жылдарға арналған қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және «Айқын нәтиже» жобасын іске асыру жоспарлары аясында Темір ауданы прокурорының төрағалығымен ведомствоаралық кеңес өткізілді.
Кеңес барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларымен аудандағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы өзекті мәселелер қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша жауапты органдарға құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейтуге, заңдылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған нақты шараларды іске асыру жөнінде тапсырмалар берілді.




