«Кітапхана like» зияткерлік сайысы өтті

0
6

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру бастамасын қолдау және 10 тамыз қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай аудандық мекеме қызметкерлері арасындағы «Кітапхана like» зияткерлік сайысы өтті.

Халқымымыздың ғасырлар бойы сүзгісінен өткен асыл сөздері мен көркем әдебиеттің жауһарларын жаңғыртып, білім мен зердені сынға салатын тағылымды зияткерлік сайыс тамыз айынан бастау алып, желтоқсан айына дейін жалғасатын болады. Аудан басындағы әр саладағы 18 мекеме қызметкерлерінен 6 топ сынға түседі. Әр топтық сайыстан жеңген командалар арасында жартылай финал, одан жеңген топтар арасында ақтық мәре өтіп, «Кітапхана like» зияткерлік cайысының жеңімпазы анықталады.

Бұл – тек білім жарысы емес. Сөздің қадірін жете түсініп, кітапты жанына серік еткендердің бәйгесі. Тапқырлық пен талғамның, әдебиет пен ұлттық сөз өнерінің тоғысқан жарыс IV кезеңнен тұрады.

1 кезең – «Сөздің  көркі мақал». Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

2 кезең – «Астар». Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын табу.

3 кезең – «Teztap». Берілген шығармалардың авторларын,  кітаптар арасындағы мағынасы жағынан ұсқас кітаптарды немесе артық кітапты табу.

4  кезең  — «Соңы». Әр саланың өзіндік ерекшеліктеріне қатысты, яғни сол салада ғана қолданылатын заттардың атын немесе не үшін қолданылатынын табу.

Темір аудандық ауруханасы, Темір ауданының өрт сөндіру бөлімі, Темір аудандық полиция бөлімінің  қызметкерлері қатысқан  зияткердік сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылардың кітапқа деген қызығушылығы мен әдеби танымын арттырған танымдық шара болды. Нәтижесінде Темір аудандық өрт сөндіру бөлімі ұпай саны бойынша алға шығып, «Кітапхана like» зияткерлік cайысының жартылай кезеңіне жолдама алды. Қалған екі мекеме атынан шыққан қатысушыларға алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табысталды.