Ауыл өнімдері ақтөбеліктерге қолжетімді бағамен ұсынылды

0
6

📍 Бүгін Ақтөбедегі «Табыс» коммуналдық базарында Мәртөк, Ырғыз және Шалқар аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтті.

✅ Жәрмеңкеде өндірушілер жалпы 3,5 тонна ет және 1,4 тоннадан астам сүт өнімдерін ұсынды. Тауарлар нарықтық бағадан 15–20 пайызға төмен бағамен сатылды.

📌 Қала тұрғындары мен қонақтарына ет және сүт өнімдерімен қатар, «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген тауарлар да ұсынылды.

✨ Жәрмеңкенің басты артықшылығы — өнімнің өндірушіден тікелей тұтынушыға жетуі. Бұл тұрғындарға сапалы әрі табиғи өнімдерді тиімді бағамен сатып алуға, ал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз өткізуге мүмкіндік береді.

📆 Мұндай жәрмеңкелер 2026 жылдың соңына дейін әр сенбі сайын өткізіледі. Шаралар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, нарықтағы бағаны тұрақтандыруға, отандық өндірушілерді қолдауға және жергілікті өнімнің үлесін арттыруға бағытталған.