«Қарасора-2026»

2026 жылғы 1 маусым мен 31 қазан аралығында республика аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы бағытталған «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері құрамында есірткісі бар өсімдіктер заңсыз өсірілуі мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарын, қараусыз қалған аумақтарды және өзге де учаскелерді тексеруде.
Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында республикалық “Ақтөбе-Астрахань” тас жолында жүргізушілерге профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Есірткі қылмысына қарсы күрес – әр азаматтың қауіпсіздігі мен қоғамның болашағы үшін маңызды.
Егер есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, бұл жөнінде «102» арнасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Темір аудандық полиция бөлімі

