Президент әр облыста ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығын салуды тапсырды
АСТАНА. KAZINFORM — Құрылтай қос палаталы Парламенттің депутаттары қарап үлгермеген бірқатар заң жобасын қабылдауға тиіс. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Президенттің айтуынша, ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау жөніндегі заңға баса назар аудару қажет.
— Мен осы мәселе жөнінде Ұлттық құрылтайдың Бурабайдағы отырысында айттым. Біз ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін атаулы қолдаудың тиімді жүйесін құруымыз керек. Олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясында.
Әсіресе, медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру керек
— Осындай балаларға арналған орталықтарды әр облыстың және үлкен аудандардың қалаларында салу қажет. Демеушілер де осы маңызды іс-шараға қатысады деп сенемін. Мемлекет шын мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсетуі керек. Бұл — мен үшін тұрақты ұстаным, — деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Қ. Тоқаев Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктелетінін айтқан еді.
Шетелдік инвесторлар құйған қомақты қаржы нәтижесінде еліміздің барлық өңірінде жаңа өндіріс нысандары мен жұмыс орындары ашылып жатыр.
Сондай-ақ Құрылтай билік жүйесінде іргелі өзгерістерге жол ашады.