2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты

0
11

2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты

 

2026 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 9,8%-ға дейін төмендеді, ал айлық баға өсімі 0,6%-ды құрады, бұл өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмен (2025 жылғы тамызда — 1%).

 

Инфляцияның баялауына Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп іске асырып жатқан бағаның өсуін тежеуге, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған кешенді шаралары ықпал етуде.

 

Инфляцияның баяулауына негізгі үлесті азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынының төмендеуі қамтамасыз етуді жалғастыруда. Тамыз айының қорытындысы бойынша жылдық азық-түлік инфляциясы 9,5%-ға дейін баяулады (2026 жылғы шілдеде — 10,1%), ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға өсімі тек 2,1%-ды құрады (2026 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша), бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен (9,5%) 7,4 пайыздық тармаққа төмен.

 

Мұндай нәтиже әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін 19-дан 31 түрге дейін кеңейтуді, оларға шекті 15% сауда үстемесінің сақталуына тұрақты бақылау жүргізуді, өнімді емес тауар делдалдарын анықтауды және азайтуды, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуді әрі азық-түлік тауарларының қолжетімділігін арттыруды қамтитын шаралар кешені арқылы қамтамасыз етілді.

 

Бұл ретте жанар-жағармай нарығын кезең-кезеңімен либерализациялау және реттелетін коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеруге мораторийдің аяқталуы сияқты факторларға қарамастан, жалпы инфляцияның баяулауы жалғасуда.

 

https://t.me/presseconomy