Мемлекет басшысы қаза тапқан әскери қызметшілерді мемлекеттік наградалармен марапаттады

0
23

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

  • Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

  • Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  • Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
  • Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  • Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  • Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  • Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  • Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);
  • Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  • Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);
  • Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  • Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);
  • Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
  • Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).

Еске салайық, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапқанын хабарлағанбыз. Үш әскери қызметші құтқарылды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды.

Кейіннен Каспийде қаза болған әскери қызметшілердің саны 12-ге жетіп, екеуі іздестіріліп жатқаны хабарланды.

25 қыркүйекте, сағат 9:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде екі сарбаздың денесі судан шығарылды. Осылайша теңіз-әскери күштерінің 14 әскери қызметшісі қаза болды. 

Президент Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды тексеретін комиссия құрған еді. Комиссия жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы жеті күн ішінде баяндауға тиіс.

Қызметке салғырт қарады, корабль жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары және аға командалық құрамындағы жауапты лауазымды тұлғалар ұсталған болатын.

26 қыркүйекте Маңғыстау жұрты қаза тапқан сарбаздарды соңғы сапарға шығарып салды.

Ал бүгін Президент Дәурен Қосановты Қорғаныс министрі лауазымынан босатты.

https://kaz.inform.kz/news/memleket-basshisi-kaza-tapkan-askeri-kizmetshlerd-memlekettk-nagradalarimen-mara-7535cd1a