Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтеріледі

0
4

АСТАНА. KAZINFORM — Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға жағдай жасалады. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

 

деньги стипендия
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

—  Сонымен қатар біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс.

— Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді, — деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялап жатқанын жазған едік.