АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ XXVI-шы СЕССИЯСЫ
2022 жылы 27 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Шаимовтың төралығымен аудандық мәслихаттың кезекті жиырма алтыншы сессиясының отырысы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев, бірқатар ауылдық округтердің әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Сессиясының күн тәртібінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихатының 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебін, 2023-2025 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетін, аудандық мәслихаттың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын, Жақсымай, Қалмаққырған, Шитүбек, Жамбыл, Қопа, Құмсай, Бәшенкөл, Еңбекші, Сартоғай, Ащысай, Бірлік, Бабатай және Шибұлақ ауылдарының даму және салу схемаларын бекіту, сондай-ақ Темір аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 148-ші, № 152-ші, № 154-ші, № 157-ші, 2022 жылғы 18 наурыздағы № 167-ші, 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 243-ші, 2016 жылғы 8 маусымдағы № 24-ші шешімдеріне өзгерістер енгізу, Темір ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылға әлеуметтік қолдау көрсету және аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы мәселелер қаралды.
Сессияда күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі баяндамалар тыңдалып, талқыланған соң, мəслихат депутаттары тарапынан мақұлданды.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаев пен мəслихат хатшысы Б. Шаимов, жиынға қатысушыларға алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, аудан бюджетін игеру жұмыстарын нақтылауды тапсырып, тиімді жұмсауды ұсынды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.