Облыс әкімі Е. Тоғжанов өз таңдауын жасады

0
88

Ералы Тоғжанов Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өз дауысын Қарғалы тұрғын үй алабында орналасқан №549 сайлау учаскесінде берді.

Бүгін мұнда 2 167 сайлаушы, оның ішінде негізгілері Есет батыр атындағы тұрғын үй алабы және бау-бақша ұжымдарының тұрғындары өз таңдауын жасайды деп күтілуде.

«Қазақстанда үлкен өзгерістер орын алуда. Бүгінгі сайлау елде саяси реформалардың жүзеге асырылып жатқанын білдіреді. Оларға қатысу — әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз. Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Баршаңызды еліміздің болашағы үшін ауызбіршілігімізді, бірлігімізді көрсетуге шақырамын», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.