Облыстық турнир өтті
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Тергеу қызметінің 60 жылдық мерейтойына орай, Темір ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі және Темір балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен, 2010-2014 жылдары аралығында туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыстық турнир өтті.
Мерекелік іс-шараға облыстың аудандарынан 8 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыс соңында жеңімпаз командалар мен көрермендердің көзайымына айналған спортшылар арнайы медалмен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, Темір ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Б. Бақтығалиев, турнирдің қонақтары – ардагерлер мен тергеушілерге «Алғыс хат» пен мерекелік төс белгілер табыстады.