Әкім Қопа мен Құмсайда болды

0
75

Аудан әкімі С. Аманбаев Қопа және Құмсай ауылының   тұрғындарымен кездесті. Екі ауылдағы кездесуде де аудан басшысы  өңірде жүзеге асатын басты жұмыстардың жоспарынан құлағдар етті. Сонымен қатар, қос ауылдағы жиында округ әкімі М. Шүйіншалиннің  2023 жылдың ІІ-тоқсаны бойынша округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспары туралы есебі тыңдалды. Сондай-ақ, кездесуге аудандық бөлім және мекеме басшылары қатысты.

М. Шүйіншалин Қопа ауылындағы тұрғындармен кездесуде  барлық газ құбырларын ауыстыру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлену үстінде екенін және ағымдағы жылы саябақ құрылысы үшін 7000,0 мың теңге бөлініп және мердігер анықталып, жұмыс жүргізіліп жатқанын хабардар етті.  Ал, аудан әкімі «Ауыл аманаты»  жобасына тоқталып,   М. Шүйіншалинге халықты кәсіпкерлікке тарту, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, 2,5% пайызбен төмендетілген сыйақы мөлшерлемесі бойынша шағын несие алуға тұрғындарды шақыру, жаңашыл бизнес-жобалардың тізбесін құру бойынша түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізуді тапсырды.

Құмсайдағы кездесуде,  аудан әкімі ағымдағы жылдың жетістіктері мен шешімін тапқан мәселелерді айтып, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды.

Есепті баяндамалар тыңдалғаннан кейін, құмсайлықтар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берген аудан әкімі, аудандық бөлім және мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, округ әкімі М. Шүйіншалинге орындалуы тиіс мәселелерді бақылауына алуды тапсырды.

ТЕМІР ГАЗЕТІ.