ӘДЕП НОРМАСЫ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

0
83

«Әдеп кодексін сақтау – әр
мемлекеттік қызметшінің
қызметтік борышы болып
табылады».

Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы әрқашанда жоғары көрінуі керек. 2023 жылғы жоспарға сәйкес бөлімнің мемлекеттік қызметкерлеріне арналған «Әдеп нормасы» атты отырыс өткізілді. Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығының ережелері түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау жөнінде қойылатын негізгі талаптар бар. Мәселен, мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желілерде қымбат мүліктердің жанында түсірілген фото суреттер, ойын-сауық мекемелеріндегі түскен фотосуреттер т.б. заң бұзушылық сипаттағы фотосуреттерді орналастыруға тыйым салынады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта негізгі мінез-құлықтары, бұдан басқа, осы жұмыста қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері туралы қағидалары қарастырылды.
Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, осы қызмет арқылы елдің ертеңі,билік пен қарапайым халық арасындағы байланыс жүзеге асырылады. Әрбір мемлекеттік қызметші қойылып отырған талаптарды қатаң сақтап қана қоймай, Отанын сүйетін азамат ретінде басқаларға үлгі болып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермей сапалы және тиімді жұмыстар атқаратын болса, елге өз септігімізді тигізе аламыз.
«Темір аудандық мәдениет, дене шынықтыру
және спорт бөлімі» ММ