КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Ж. ҚОЙШЫБАЕВ, Қ. НҰРАЛЫ, Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, АППАРАТ БАСШЫСЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ Ж. ҚУАНОВ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ, ҚАЛА, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ, БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.
Комиссия отырысында автомобиль жолдарының, жылыту пунктерінің, қар тазалайтын техникалардың және инерттік материалдардың 2023-2024 жылдың қысқы маусымға дайындығы бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Құлмұхановтың және төтенше жағдайлар комиссиясының 2023 жылдың қорытындысы және 2024 жылға арналған жұмысын жопарлау бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С. Калменовтың баяндамасы тыңдалды.Отырыстың қорытындысында аудан әкімі С. Аманбаев, тиісті бөлім басшыларына қысқы маусымға дайындық жұмысын қолға алып, арнайы қар тазалайтын техникаларды алдын ала дайындау, 2024 жылға арналған жұмыстарды жоспарға сай орындауды тапсырды.
***
Осы күні аудан әкімінің орынбасары Қ. Нұралының төрағалығымен ауданәкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы да өтті. Комиссия отырысына тиісті мекеме басшылары мен комиссия мүшелері қатысты. Бұл комиссия отырысының күн тәртібінде мектеп инспекторларының кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуда жүргізілген шаралар, діни экстремизм мен терроризмнің қатеріне қарсы атқарылған жұмыстар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәселелер қаралды. Комиссия отырысында жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша аудандық ПБ-нің КТіЖ инспекторы Ғ. Қарасаеваның, аудандық жастар арасындағы дін істері орталығының басшысы Н. Семибаевтың, аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі С. Қарабалинаның баяндамалары тыңдалды.
Отырыс соңында комиссия төрағасы Қ. Нұралы, аудандық полиция бөліміне учаскелік инспекторлардың білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылауды тұрақты негізде жүргізуді, аудандық жастар арасындағы дін істері орталығына мектеп оқушыларының ата-анасының қадағалауынсыз діни орындарға баруын қадағалауды, аудандық білім бөліміне қамқоршылықтағы, қорғаншылықтағы және патронаттық тәрбиедегі балалардың құқығының сақталуын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.