АБЫРОЙ БИІГІНДЕ
ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ «МЕРЕЙЛІ СӘТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА, ТЕМІР АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ КОЛМЫРЗИНА ДӘМЕЛІ ҚАЙЫРҚЫЗЫН ЖӘНЕ ҰЗАҚ ЖЫЛДАР БОЙЫ ТАСҚОПА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНДА БАС МАМАН ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ТӨЛЕГЕНОВА КҮЛПАРШЫН ТОБЫШҚЫЗЫН МЕРЕЙЛІ ЖАСЫ — ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУ ҚУАНЫШЫМЕН ҚҰТТЫҚТАП, «ҚЫЗМЕТ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ М. САҒЫНДЫҚОВАНЫҢ ЖӘНЕ «ҚЫЗМЕТ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ ТЕМІР АУДАНДЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Е. САТАЕВТЫҢ АТЫНАН ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ПЕН СЫЙЛЫҚ ТАБЫС ЕТТІ.
Д. Колмырзина мен К.Төлегенова, еңбектерінің бағаланып, өздеріне көрсетілген сый-құрметке ерекше ризашылығын білдіріп, жас мамандарға тәуелсіз еліміздің одан әрі қарыштап қарқынды дамып, әрқашан әлемдегі экономикасы дамыған ең озық елдердің қатарынан көріне беруі үшін адал қызмет етіп, осындай абырой биігіне жетуіне тілектес екендіктерін жеткізді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.