ЖҮЛДЕГЕР
Лисаковск қаласында дзюдо күресінен Усманов Кемаль Рашатұлын еске алуға арналған Республикалық ашық турнирде, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқушысы, Кеңқияқ ауылдық округінің жас спортшысы Байтурин Рамазан Бақытжанұлы 100 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, жүлделі үшінші орынды иеленді. Алар асуы, бағындырар белестері мен жеңісті күндері көп болсын деп тілейміз!
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.