«ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ»

0
64

ТАЯУДА АУДАНЫМЫЗДА «ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ» АТТЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ БАЙҚАУДЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ —ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ ОЙЛАУ, ҚИЯЛДАУ, ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ, АДАМГЕРШІЛІК, МЕЙІРІМДІЛІК, ДОСТЫҚ, ЕҢБЕК СҮЙГІШТІК ҚАСИЕТТЕРГЕ ТӘРБИЕЛЕУ, ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРЕ ОТЫРЫП, ІЗДЕНІМПАЗДЫҚҚА БАУЛУ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ, ЫНТАЛАНДЫРУ.

Байқауға ауданнан 14 мектептің оқушылары қатысты. Екі номинация бойынша бақ сынаған оқушыларды әділ қазылар алқасы бағалап, төмендегідей орындар тағайындалды.
«Үздік ертегіші» (жеке оқушы) номинациясы бойынша:
І орын Алматай Абдулхамит Сағынғалиұлы (2 сынып оқушысы № 1 Шұбарқұдық МГ ).
ІІ орын Жантекина Жадыра Айдарбекқызы (2 сынып оқушысы (№ 4 Шұбарқұдық ЖОББМ).
ІІІ орын Сапарбай Аида Асланқызы (2 сынып оқушысы Шұбарқұдық гимназиясы).
ІІІ орын Мұхамбет Айару (1 сынып оқушысы (№ 1 Шұбарқұдық МГ).
«Үздік ұжымдық қойылым» (ұжымдық) номинациясы бойынша:
І орын № 1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы оқушылары (жетекшісі Жұбаниязова. О.).
ІІ орын Шұбарши жалпы орта білім беретін мектебі оқушылары (жетекшісі Болатбаева. С.).
ІІІ орын Жамбыл негізгі орта мектебі оқушылары (жетекшісі Тәңірбергенова. М.).
І, ІІ орын алған жеңімпаздар байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.