ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ

0
74

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ ЖӘНЕ ТЕМІР АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ Б.БАҚТЫҒАЛИЕВ АҚСАЙ, МЕН ЖАҚСЫМАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗДІ.

Жиын барысында Б.Бақтығалиев, полиция қызметінің 2023 жылғы жұмысының қорытындысы туралы баяндап, құқықбұзушылық және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы есеп берді. Оның айтуынша, есептік кезеңде қабылданған бірқатар шаралардың нәтижесінде, аудан аумағында ұрлық, әсіресе мал ұрлығы төмендеген. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғастырылуда.
Кездесу соңында, аудандық полиция бөлімінің басшысы Б.Бақтығалиев, халық қауіпсіздігі мен құқық қорғау саласын дамытуға үлес қосқан азаматтарға «Алғыс хат» және бірқатар еріктілерге «Полицияның қоғамдық көмекшісі» куәлігін табыстады.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.