«ТЕМІР БАРЫСЫ» ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРІ

0
34

8 МАУСЫМ КҮНІ С. АМАНБАЕВ, «100 ДОС ШҰБАРҚҰДЫҚ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚША КҮРЕС СПОРТЫ БОЙЫНША «ТЕМІР БАРЫСЫ» ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСУ ҮШІН АЛЫСТАН АТ АРЫТЫП КЕЛГЕН ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ, «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ТУРНИРІНІҢ БІРНЕШЕ ДҮРКІН ЖҮЛДЕГЕРІ Р.ӘБДІРАЗАҚОВТЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ГРЕК-РИМ, ЕРКІН ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ Д. ЖАБАСОВТЫ, «100 ДОС ШҰБАРҚҰДЫҚ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР А. МҰСТАФИНДІ, ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ Н.САНАЕВТЫ, КӘСІПКЕР, ЖАЗУШЫ, «BASHBAY» ЖШС-НЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ, «МЕН КІММІН?», «НАР ТӘУЕКЕЛ» КІТАПТАРЫНЫҢ АВТОРЫ Д.БЕРКІМБАЕВТЫ, ТЕЛЕЖУРНАЛИСТ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ Н.ЖЫЛҚЫШЫБАЙДЫ ЖӘНЕ «100 ДОС» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ МҮШЕСІ С.ӘДІЛХАНОВ ПЕН ӨЗГЕ ДЕ ШАРА ҚОНАҚТАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ. КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА СПОРТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ, ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚ АРАСЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ, БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҢ ДАМУЫНА АЙРЫҚША КӨҢІЛ БӨЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ. СОНДАЙ-АҚ КЕЗДЕСУДЕ АУДАН БАСШЫСЫ, Р. ӘБДІРАЗАҚОВҚА ЕЛДІГІМІЗДІҢ ЕҢСЕСІН КӨТЕРІП, КӨК ТУЫМЫЗДЫ ӘЛЕМДІК АРЕНАДА ЖЕЛБІРЕТІП ЖҮРГЕНІ ҮШІН РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРІП, ЛЕБІЗ ХАТ МЕН СЫЙЛЫ ТАБЫСТАДЫ.

Осы күні аудан әкімі С. Аманбаев, құрметті қонақтармен бірге «Темір барысы» облыстық турнирін тамашалауға қатысты. Турнирге облысымыздағы 7 өңірден жалпы саны 17 спортшы қатысып, жеребе тастау әдісімен реттілігі мен жұбы анықталған балуандар тартысты бәсекеде күш сынасты. Қызықты өткен сайыстың нәтижесінде І-орынды жеңіп алған жерлесіміз Қуанов Азат Советұлына 500 000 теңгенің, ІІ-орынды еншілеген Мұғалжар ауданынан келген балуан Қалабай Жандос Хамитұлына 250 000 теңгенің, ІІІ-орынды иемдеген Ойыл ауданының балуаны Қазанғалиев Қуанышбек Көбегенұлына 150 000 теңгенің сертификаты табысталды және шара қатысушыларына арнайы құрмет көрсетіліп, ұлттық спорт түрі — қазақ күресі дәріптелді. Сонымен қатар, шара барысында
«ТЕМІР БАРЫСЫ» ОБЛЫСТЫҚ
ТУРНИРІ
«100 дос Шұбарқұдық» қоғамдық қоры бір отбасыға тұрғын үй кілтін табыстады.
«Темір барысы» облыстық турниріне келген қонақтар Темір аудандық музейінде де болды. Музейде қонақтарға жәдігерлер арқылы өлкеміздің бай тарихы таныстырылып, Тасқопа қорымынан табылған «Алтын адам» жөнінде мәлімет берілді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.