МЕРЕКЕГЕ КЕЛІҢІЗДЕР, ЖЕРЛЕСТЕРІМ!

0
65

ПСИХОЛОГ МАМАНДАРДЫҢ АЙТУЫНША, ТАБЫСТЫ БОЛУ ҮШІН ҒАНА ЕМЕС, БАҚЫТТЫ БОЛУЫ ҮШІН ДЕ МАМАНДЫҒЫҢДЫ ЖАҚСЫ КӨРУ МАҢЫЗДЫ ЕКЕН. МЕН ӨЗ ЖҰМЫСЫМДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕТІН БАҚЫТТЫ ЖАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫНАНМЫН ДЕП ОЙЛАЙМЫН. ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ, ОНЫҢ ҮСТІНЕ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА МҮМКІНДІК БЕРІЛСЕ, ЖАНЫМДЫ САЛАМЫН. ОСЫ САЛАДА ЖҮРГЕНІМЕ БІРАЗ ЖЫЛ БОЛЫПТЫ. БІРТАЛАЙ ЖОБАЛАР ЖАСАЛДЫ. КӨБІНДЕ, МЫНАУ МЕНІҢ ИДЕЯМ, МЕНІҢ ЖАСАҒАНЫМ ДЕП ӨЗІМДІ КӨРСЕТПЕЙМІН. МАНА БІР ӘРІПТЕСІМ: «ЖҰРТ МАҒАН АЛҒЫС АЙТЫП ЖАТЫР, СЕНІҢ ЕҢБЕГІҢ ҒОЙ» ДЕЙДІ. «КІМДІКІ БОЛСА ДА БӘРІБІР ЕМЕС ПЕ? ЕҢ БАСТЫСЫ — ХАЛЫҚ РИЗА БОЛСА БОЛҒАНЫ…» ДЕЙ САЛДЫМ. РАСЫНДА ДАҢҚ ПЕН АТАҚҚА ҚЫЗЫҚПАЙМЫН. ӘРБІР ШАРАДА ЕҢ БОЛМАСА БІР ТҰРҒЫНҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАСАҚ, БІР ЖАНҒА ОЙ САЛЫП, БІР КІСІГЕ ПАЙДАМЫЗ ТИСЕ ДЕГЕН МАҚСАТ ПЕН ҮМІТ ТҰРАДЫ. МАРҚАЙҒАН КӨҢІЛ МЕН КҮЛІМДЕГЕН ЖҮЗДЕРДІ КӨРГЕНДЕ, САХНАНЫҢ СЫРТЫНДА ТҰРЫП, ТӨБЕМ КӨККЕ БІР ЕЛІ ЖЕТПЕЙ ҚАЛАДЫ.

Жыл сайын жаз басталса, округ күндерін әрқалай ұйымдастырып келеміз. Биыл ойландым. «Тасқыннан кейін жабырқаған елге сәл бой жазып, көңіл көтеретін шара өткізу керек. Жылдағыдай орталық саябаққа жинай берудің қажеті қанша?! Оның үстіне, саябаққа үлкендер көп келе бермейді. Қашанғы халық бізге келеді? Біз халыққа барайық» деп, көше мерекелерін басқаша форматта өткізуді жоспарладым. Сөйтіп, өткенде Н. Байғанин көшесінде Ақсай ауылдық округінің, жуықта Қазақ ауылда Алтықарасу ауылдық округінің көше мерекесін өткіздік. Екі округ те ұйымшыл екен. Келесі кезекте «Задепо» аймағында Кеңестуы ауылдық округінің күні өтеді. Солай жалғасып кете бермек…
Бұл — менің жұмысымның жаныма жақын бір ғана бөлшегі…
Қазақауыл десе, ішкен асын жерге қоятын інім Нұрбек Сұлтанғали, соңғы ұйымдастырылған көше мерекесін әдемі таспалапты. Рақмет! Алда әлі талай мерекелер бар. Жерлестерімді сол жиындарға шақырамын, сіздерге көтеріңкі көңіл күй, қуаныш сыйлауға тырысамыз!
Әсем БАҚЫТҚЫЗЫ.