АЭС және референдум: халықтың таңдауы шешуші болуы тиіс

0
50

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі қазіргі уақытта маңызды қоғамдық сұрақтардың біріне айналып отыр. Бұл мәселе тек экономикалық емес, сонымен қатар экологиялық, әлеуметтік және саяси салдарлары бар кешенді шешімдерді талап етеді. Атом энергетикасы елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір жолы болғанымен, оның артықшылықтары мен қауіптері тең қарастырылуы тиіс.

Осындай жағдайда референдум өткізу – халықтың бұл процестегі шешуші рөлін көрсететін демократиялық құрал. Әрбір азаматтың АЭС туралы пікірі ескеріліп, жобаның артықшылықтары мен қауіп-қатерлері жан-жақты талқылануы қажет. Халықтық дауыс беру арқылы ғана елдің болашағы үшін жауапкершілікпен шешім қабылдауға болады.

АЭС салу немесе салмау мәселесі тек мамандардың пікірімен ғана шектелмей, халықтың кең ауқымды қатысуымен анықталуы тиіс. Әрбір азамат ел болашағы үшін жауапты, сондықтан бұл шешімде халықтың еркі маңызды рөл атқаруы тиіс.

Н. Байганин атындағы мектеп балабақшасының

физика пәні мұғалімі Калиева М.С