Ақсай ауылдық округінде
Жуықта, аудан әкімі С.Аманбаев Ақсай ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде округ әкімі Е.Бегимовпен бірге Шығырлы және Ащысай елдімекендеріне тартылатын және ауылішілік газ құбырын салу құрылысын қарады.
Аудан әкімімен бірге аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Е.Айтмағамбетов және Ақсай ауылдық округі әкімі Е.Бегимов барды.
Темір ауданы бойынша биылғы жылы 5 елдімекенге, атап айтқанда, Еңбекші, Шығырлы, Ащысай және Құмсай, Қопа елдімекендеріне ауылішілік газ құбырларын салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Шығарлы және Ащысай ауылдарына тартылатын және ауылішілік газ құбырын салу жобасының бас мердігері – «КазПромСтройГрупп»ЖШС. Жалпы ұзындығы – 39,418 км.
Қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі С.Аманбаев Ақсай ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде Ақсай ауылына кіреберіс автомобиль жолының ашылу шарасына қатысты.Аталған шараға аудан әкімімен бірге Ақсай ауылдық округі әкімі Е.Бегимов және ардагерлер мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Осыған дейін тұрғындармен кездесу барысында ауыл тұрғындары Ақсай елдімекеніне кіреберіс жолын жөндеу мәселесін бірнеше мәрте көтерген болатын.
Шара барасында аудан әкімі тұрғындардың өтініштері мен тілектерін назарға ала отырып, Ақсай елдімекеніне кіребіріс жолының ашылуы өңірдің дамуына жаңа серпіліс беретіндігіне сенім білдіріп, қазіргі таңда кіреберіс жолдар толығымен асфальтталғанын атап өтті.
Ұзындығы 1,7 км құрайтын Ақсай ауылына кіреберіс автомобиль жолын жөндеу жұмыстары жобасының бас мердігері — «Ақтөбе Құрылыс Аймақ» ЖШС.