СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ — БАСТЫ МІНДЕТ
Аудан әкімі С.Аманбаев сыбайлас жемқорлық бойынша ІІІ аудандық комиссия отырысын өткізді.
Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұралы, комиссия мүшелері мен жауапты тұлғалар қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде:
— “Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша қабылданған шаралар жөнінде бас дәрігер С.Жанахметовтың;
— Мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар мен себептерін жою мақсатында қабылданған шаралар туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Адаевтың;
— Темір қаласы және Кеңқияқ ауылдық округтеріндегі аталған бағытта атқарылған шаралар жөнінде округ әкімдері Е.Далмағанбетов пен С.Қуанышбековтың;
— Бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық және тонаудың алдын алу жөнінде аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Ж.Имашевтың баяндамалары тыңдалды.
Отырыс соңында аудан әкімі заң бұзушылыққа жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, көтерілген мәселелерге байланысты жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.
Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергеновке жүктелді.