РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

0
28

Аудан әкімі С.Аманбаев Республика күніне орай аудан орталығындағы «Орталық базар» алаңында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі және «Бақытты әйел» әйелдер клубының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеге қатысты.
Аудан басшысы аудандық кәсіпкерлерге ел тұрмысының өсіп-өркендеуі жағдайына кәсіпкерліктің мол үлесі бар екендігін және бүгінгі таңда кәсіпкерліктің қанат жайып, ел сұранысына сай өнімдер әзірлеуде әйел кәсіпкерлердің орны ерекше болып отырғандығын атап өтіп, өз өнімдерін нарықтағы бағадан төмен бағада
халыққа ұсынып жатқандарына алғысын білдірді.
Аталған жәрмеңкеге ауданның 15 кәсіпкер өз өнімдерін және қолөнерлерін ұсынған. Атап айтқанда кондитерлік өнімдер, той шашулары, қол өнер бұйымдары, гипстан жасалған өнімдер, ет өнімдері және қыс мезгіліне маринадталған көкөністер өнімдері болды.
Сонымен қатар, аудан әкімі аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Жолдығаринге кәсіп ашам деген тұрғындарға тиісті қолдау көрсетіп, мейлінше түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Темір газеті