ТАБЫСЫ АЗ АЗАМАТТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ

0
17

2025 жылдан бастап аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәсілі енгізілетін болады, есеп орташа табыстың 35% деңгейінде, бірақ қолданыстағы деңгейден төмен емес, яғни өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде айқындалатын болады.

Сондай-ақ, учаскелік комиссиялардың қызметі күшейтілді.

Олардың жұмысы FSM social мобильді қосымшасы арқылы материалдық жағдайды зерттеу негізінде болады.

Осыған байланысты облыс тұрғындарынан учаскелік комиссиялардың қызметіне түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Сондай-ақ, АӘК тағайындау кезінде азаматтардың шығыстарының мынадай түрлерін ескеру ұсынылады: тұрғын үйді және (немесе) жеңіл автокөлікті меншікке сатып алу; айына отбасының әрбір мүшесіне бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары мөлшердегі ипотекалық қарызды қоспағанда, банктік қарыздарды және (немесе) микрокредиттерді ресімдеу; жеке тұлғаның (отбасының) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларының болуы; айына отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен асатын жиынтықтың болуы; ипотекалық депозитті қоспағанда, бір отбасына 200 АЕК-тен астам мөлшердегі жинақ салымының, депозиттің болуы.

Бұдан басқа, 2025 жылдың басынан бастап АӘК-ке үміткер азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда, яғни өтініш беруші өтініш берген кезде пилоттық жобаға қатысуға келісім береді, содан кейін отбасының барлық кәмелетке толған мүшелеріне жеке телефон нөмірлеріне 1414 нөмірінен sms-хабарлама жіберіледі, оған олар жауап беруі тиіс бір жұмыс күні ішінде.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпаратты жинау өтініш берушіден және оның отбасы мүшелерінен мемлекеттік органдар мен екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері арқылы жиынтық түрде келісім алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Егер банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының болуы кедейлік шегінен аспаса, онда АӘК қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалады.