ҮЗДІК МЕКТЕПТЕР ҚАТАРЫНДА

0
8

Бүгін “Ауыл мектебі — сапа алаңы” тақырыбында өткен Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевпен кездесуде Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясы “Тиімді ауыл мектебі” марапатына ие болды. Сонымен қатар гимназия директоры Б.Ә.Иманғалиев “Іскер менеджер” марапатын иеленді.

Шұбарқұдық гимназиясы ұжымының еңбегі бір-бірімен тығыз байланысқан және әрқайсысының міндеттері оқушылардың сапалы білім алып, тәрбиеленуіне ықпал етуде. Бұл жетістік үшін білім беру саласында маңызды қызмет атқаратын әрбір педагогтің еңбегі ерекше.
Барлық ұжым мүшелерінің ынтымақтастығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында жеткен жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

ТЕМІР АҚПАРАТ